1-ші тапсырма/жоба жетекшісі:

Пісте мен бадамның биоалуантүрлілігін зерттеу, олардың генофондын сақтау әдістерін әзірлеу, селекциялық және бау-бақша шаруашылығы үшін перспективті генотиптерді таңдау және клондау.

Турдиев Тимур Туйгунович

биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Негізгі жұмыс орны: РМК "Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты",гермоплазманы криосақтау лабораториясының жетекші ғылыми қызметкері

Индекс Хирша: 6

WoS ID: М-6639-2015;

ORCID ID: 0000-0002-6476-1007;

Scopus ID: 57193198717


1-ші тапсырма/жоба жетекшісі.

Ғылыми жобаның барлық кезеңдерін ұйымдастыру, алынған нәтижелерді талдау, ғылыми мақалалар жариялау және есепті дайындау.


Өсімдіктер биотехнологиясы бойынша жоғары білікті маман. Бұл бағытта 21 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. ҚР БҒМ қаржыландыратын 4 жобаның жетекшісі және 6 жобаның жауапты орындаушысы болды. Халықаралық МНТЦ жобасының орындаушысы ретінде қызмет атқарды. 80-нен астам ғылыми еңбектің авторы, олардың 48-і рецензияланатын журналдарда жарияланған, соның ішінде 11 мақала Web of Science (WoS) және Scopus дерекқорына енгізілген. 4 әдістемелік нұсқаулық пен 4 патенттің авторы. «Алғыс» грамотасымен марапатталған. 2015 жылы АҚШ-тағы Ұлттық Клональды Гермаглазм Репозиториінде (National Clonal Germplasm Repository) DesignExpert статистикалық бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен.

This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website