5-ші тапсырма/жоба жетекшісі. Бағалы алмұрт түрлерінің патогенге төзімді генотиптерін in vitro сақтау мақсатында биотехнологиясын әзірлеу.

Какимжанова Алмагуль Апсаламовна
Биология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор.
Негізгі жұмыс орны:
ШЖҚ РМК «Ұлттық биотехнология орталығы» (ҰБО), Өсімдіктер биотехнологиясы және селекциясы зертханасының меңгерушісі.
Хирш индексі: 3
Researcher ID: I-3841-2017
Orcid ID: 0000-0002-7797-6867
Scopus Author ID: 56031411400

5-ші тапсырма/жоба жетекшісі.
Биотехнологиялық және молекулалық-генетикалық зерттеулерді ұйымдастыру, алынған эксперименттік деректерді өңдеу, ғылыми мақалалар жариялау және есепті дайындау.

Өсімдіктер биотехнологиясы және молекулалық биологиясы (микроклоналды көбейту, криоконсервация, өсімдіктердің молекулалық-генетикалық идентификациясы) саласында білікті маман. Бұл бағытта 19 жылдық тәжірибесі бар. ҚР БҒМ-нің 4 гранттық жобасының және коммерцияландыру грантының жетекшісі болды. 225-тен астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 15-і Web of Science (WoS) дерекқорында, 7-еуі Scopus базасында индекстелген. 15 авторлық куәлігі және өнертабысына патенті бар.
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website